АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

    

¬ŠS±?ÿ]£jù޷ýc³ôœF#í°*ȥ;sÿõÚ6¯�ëÖ;?IÄb>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«100 минут – 100 қызық» зияткерлік-шығармашылық сайысы

19.10.2026

Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 1А–4А сынып оқушыларының қатысуымен «100 минут – 100 қызық» атты кіріктірілген зияткерлік-шығармашылық сайысы өткізілді.

Сайыстың басты мақсаты – оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Сайыс барысында логика, дүниетану, қазақ тілі және өнер бағыттары бойынша қызықты тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар логикалық тапсырмаларды орындау арқылы ой ұшқырлығы мен тапқырлықтарын танытса, қазақ тіліне қатысты тапсырмаларда тілдік сауаттылықтары мен сөздік қорларын көрсетті. Ал өнер бөлімінде қиялдарына ерік беріп, шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

Әрбір тапсырма оқушыларды ізденуге, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге және білімдерін жан-жақты қолдануға баулыды. Сайыс қатысушылары белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

Сайыс қорытындысы бойынша белсенділік танытқан топтар марапатталды.

«100 минут – 100 қызық» сайысы оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, білімге деген құштарлықтарын арттырды. Осындай танымдық іс-шаралар балалардың жан-жақты дамуына, шығармашылық әлеуетінің ашылуына және достық қарым-қатынасының нығаюына ықпал етеді.

Просмотров: 218

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст